Тоқтаңыз: суреттен ең бірінші не көрдіңіз?

Тоқтаңыз: суреттен ең бірінші не көрдіңіз?

ашық дереккөзі

 width= Суреттен ең алдымен не көрдіңіз? Құс әлде арыстан? Құс. Сіз өте батыл әрі тік мінезді адамсыз. Алайда бойыңыздағы шындықты ойланбай айтса салатын, адам көңіліне қарамайтын әдетіңізден арыла алмай жүрсіз. Бұл сіздің басты қателігіңіз. Шындықты айтқан дұрыс, бірақ шама шарқынға қарай, көңілге қарай сөйлеу адамдықтың белгісі. Өміріңізде орын алған соңғы жайттардан шаршап, тыныштық іздеп жүрген адамдардың бірісіз. Құс секілді еркіндікті қалайсыз. Айналаңызға зер салып қарасаңыз, сізді жақсы көретін адамдардың сезіміне сенсеңіз, өзіңіз осы уақытқа дейін бас ауыртқан мәселелеріңіздің шешімін оңай табар едіңіз. Арыстан. Еңсеңді тік ұста деген тіркес сіз үшін екі мағына да айтылғандай. Ішкі жан дүниеңізде де еңсеңіз биік, сыртқа келбетіңізде де тәкаппарлық бар. Тәкаппарлық - қасиет емес. Ұнамсыз тұстарыңыздың бірі. Адамдардың барлығын тең дәрежеде көруді үйреніңіз. Себебі, барлығымызды жаратқан Құдай. Түр-түсімізді таңдамайтынымыз белгілі. Тәкаппарлықты жойсаңыз, бойыңызда жасырынған талант пен сабырлылық қасиеті өзі-ақ шыға келеді. Алдағы уақытта сізді бір жақсы жаңалық күтіп тұр. Жеке өміріңіз реттеліп, жұмыс орыныңыз өзгеруі мүмкін. Мінезіңізді реттесеңіз болғаны.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...