weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда коронавирусқа екінші рет шалдыққан науқас тіркелді

Қарағандыда коронавирусқа екінші рет шалдыққан науқас тіркелді

Қарағандыда коронавирусқа екінші рет шалдыққан науқас тіркелді
ашық дереккөзі
 width= Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Батыс Қазақстанда бір адам коронавирусты екінші рет жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Ол кісі бірінші рет ауырғанда вирустың кімнен жұққаны және қайдан келгені белгісіз болды. Тіпті, себебін таба алмаған. Сондықтан министрлік жанындағы арнайы комиссия оны қайтадан ауырған науқас ретінде тіркемеді", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Дегенмен вице-министрдің айтуынша, Қарағанды облысында инфекцияны екінші рет жұқтырған науқас анықталған.
"Бұл кісі алғаш рет ауырғанда аурудың толық клиникалық картинасы болған. Барлық зертханалық сынамамен дәлелденген. Осы қазан айында екінші рет осы инфекциямен ауруханаға түсіп, ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Сондықтан осы жайтты коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы ретінде есепке алып отырмыз", - деп түсіндірді Ғиният.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова бір әйелдің COVID-19 індетімен екі рет ауырғанын жариялаған болатын. Науқас алғаш рет вирусты пандемия басталғанда, сәуір айында жұқтырған. Тамызда тағы да ауырып қалған. Пациент екі рет стационар жағдайында емделді.