ДСМ жауап берді: Қазақстанда қайтадан карантин енгізіле ме?

ДСМ жауап берді: Қазақстанда қайтадан карантин енгізіле ме?

ашық дереккөзі

 width= ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында Қазақстанда карантин енгізілу мәселесіне қатысты мәлімет айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, соңғы аптада елдегі жағдай нашарлаған. Алайда коронавирустың өршуі әр аймақта әртүрлі байқалып жатыр. Сондықтан Қазақстан толығымен карантинге жабылмайды.

«Бүгінде карантиндік шараларды аймақ бойынша күшейту мәселелері жүргізіліп жатыр. Соңғы аптада елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы 6 есеге өсті. Бірақ әр аймақта жағдай әр түрлі. Сондықтан карантин шаралары тек аймақтар бойынша жасалып жатыр», - деді ол.

Жүктелуде...