
Қазақстанда COVID-19 диагнозы 3 164 балаға қойылды. Оның 114-і жаңа туған нәрестелер. Бұл ақпарат туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Коронавирус бойынша балалар өлімі тіркелген жоқ.
«Бүгінде коронавирус жұқтырған 340 бала бақылауда, оның ішінде: жаңа туған нәрестелер - 3, 28 жастан 18 жасқа дейінгі балалар - 337, ауруханаға жатқызылған - 55, амбулаторлық емде - 285.
Жеті балаға вирустық пневмонияға тән белгілері бар COVID-19 асқынуы диагнозы қойылды, 3 пациентте пневмония негізінен бактериялық сипатта болды", - деді ол.