weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Балаларды компьютермен қамту үшін 13 млрд теңге бөлінді

Балаларды компьютермен қамту үшін 13 млрд теңге бөлінді

Балаларды компьютермен қамту үшін 13 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөзі
 width= 15 қарашаға дейін 75 мың оқушы білім алуға қажетті техникамен қамтылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов онлайн брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірдегі оқушыларды толық компьютерлермен қамту жұмыстары 1 қазанда аяқталуы керек болған. Алайда пандемияға байланысты шекаралар жабылып, бұл жұмыстар осы уақытқа дейін созылған.
«Балаларды компьютерлермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 20 мың компьютер сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар осы мақсатта республикалық бюджеттен 8,9 млрд теңге қарастырылған. Аталған сомаға 55 мың компьютер мен планшет сатып алынды. Оның басым бөлігі оқушыларға таратылып берілді. 15 қарашаға дейін осы жұмыстарды аяқтамақпыз», – деді облыс әкімі.