Карантинде жасөспірімдерді зорлау фактісі 19%-ға көбейген

Карантинде жасөспірімдерді зорлау фактісі 19%-ға көбейген

ашық дереккөзі

 width= Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин басталғалы ішімдік ішу мен жасөспірімдерді зорлау фактісі көбейгенін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы министр брифингте мәлімдеді.

«Карантин кезінде үйде отырып, алкогольдік ішімдік пайдалану фактілері көбейді. Соның салдарынан адам өлтіру 12%-ға, жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19%-ға артқан. Көп жағдайда жәбірленушінің жақын танысы немесе туысы тарапынан зорланғаны анықталып отыр. Олар - әкесі, көршісі, өгей әкесі немесе танысы. Мұндай фактілер әрбір отбасы үшін үлкен трагедия, баланың тағдырын сындыру. Жағдайды дұрыстау үшін профилактикалық шаралар күшейіп, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізілді. Отбасын қорғау үшін учаскелік инспекторлар 61 мың қорғау нұсқамасын шығарды», - деді Тұрғымбаев.

Жүктелуде...