
АҚШ президенті Дональд Трамп сайлаудағы жеңісін тойлауға дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметіне қарағанда, Трамп Флорида, Огайо, Техас, Солтүстік Каролина және Джорджия штаттарында жеңіске жеткенін айтқан. Сондай-ақ ол Пенсильванияда жеңіске жеткенін мәлімдеген.
Трамптың айтуынша, осыған жағдайға байланысты партия жеңістерін тойлауға дайындықты бастаған. Ол өзіне дауыс бергендерге алғысын да айтып өтті.
Еске салайық, 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Алдын ала мәліметке сәйкес, Байден 225 дауыс жинаса, Трамп 213 дауыс жинады. Ал президент болу үшін екі үміткердің бірі 270 дауыс жинауы керек.