Түркияға саяхат: интернет қымбат па?

Түркияға саяхат: интернет қымбат па?

ашық дереккөзі

 width= Түркияда тұратындардан естіген боларсыздар, байланыс түрлері, интернет өте қымбат. Тіпті айына 68 000 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін. Біздегідей 2000 айналасында тариф салып алып, бір ай қолдану деген жоқ. Түркиядағы Newsroom+ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Әлия Бостан елдегі интернет бағасы туралы материалын ұсынады. Түркияда 3 негізгі ұялы байланыс операторы жұмыс істейді:      - TURKCELL;      - TURK TELEKOM;      - VODAFON. Түркияда ұялы байланысты пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар Оларды туристер мен мұнда тұрақты қалатындарға немесе уақытша тұратындарға арналған деп бөлуге болады. Егер турист болып  90 күнге дейін демалысқа келсеңіз, онда симкартаны өзіңіздің шетелдік төлқұжатыңызды көрсету арқылы, көптеген ұялы операторлардың кеңселерінен оңай сатып ала аласыз. Түркияда симкарта құны орташа  150-170 лира (8100-9180 теңге). Егер де бірнеше адам болып барып, бір оператордан симкарта сатып алатын болсаңыздар белгілі бір деңгейде жеңілдік жасайды. Жаңа симкада, әдетте, SMS, минут және мобильді интернет гигабайтының негізгі жиынтығы болады (біздегідей). Оларды алғашқы 30 күн пайдаланасыз. Содан кейін өзіңізге қолайлы қызмет пакетін сатып алу қажет. Ал егер Түркияда тұратын болсаңыз, сол туралы анықтаманы қолыңызға қалай аласыз, ұялы байланыс операторына нөміріңіз туралы сол сәтте бірден хабардар етуіңіз қажет. Олай болмаған жағдайда оператор симкартаңызды ол іске қосылған күннен бастап, 90 күннен кейін өшіріп тастайды. Техникалық заттар өте қымбат Тағы бір маңызды мәселе – Түркияға ұстап келген ұялы телефоныңыз 120 күннен кейін бұғатталады. Оны ашу үшін 1500 лираға жуық (81000 теңге) мемлекеттік баж төлеу керек. Сондықтан көпшілігі келген кезде бірден осы жақтан телефон сатып алуға тырысады. Бірақ мұнда техникалық заттар өте қымбат. Себебі шет елден әкелінген тауарларға мемлекеттен салынатын салық өте жоғары. Әкелінген заттың құнымен пара – пар. Сол себепті болар, мұнда қарапайым көшірме жасатудың өзі қымбат. Қазақстанда кез келген құжаттың көшірмесін 5-10 теңгеге жасататын едік. Түркияда 1лира (60 теңге). Ал 3х4 суретке түсудің құны 20 лира (1200 теңге). Қазақстанда түсіп келген 3х4 суретіңіз мұнда жарамайды. Өйткені форматтары сәйкес келмейді. Түркияда 4х5. Сіздерге бір лайфхак айтайын. Екі симкарта салынатын телефонмен келіп, 120 күн өткенге дейін слотты (*слот-бұл SIM  карта орналасқан жер) өзгерте аласыз. Осылайша, телефонды ештеңе төлемей-ақ пайдалануға болады. Бір слот істеп тұрған кезде, екінші бұғатталғаны қайта ашылады.

Жүктелуде...