Күнбағыс майы неге қымбаттады?
Күнбағыс майы неге қымбаттады?

- Әлемде күнбағыс майының тапшылығы. Күнбағыс майының шарықтау себебінің басты себебі: әлемдік көшбасшы саналатын Украина (былтырғы жылдан қарағанда 10% төмен) мен Ресейде (былтырғы жылдан қарағанда 10% төмен) егіннің толыққанды шықпауы. Мамандардың айтуынша, биыл күнбағыс өнімі әлемдік экспортта 2,52 млн тоннаға азаяды.
- Ішкі нарықты толыққанды қамтамасыз ете алмау. Қазақстан күнбағыс майымен ішкі нарықты 50%-ға ғана қанағаттандырады. Қалған сұранысты Ресейді қамтамасыз етеді. Осы орайда Ресейде күнбағыс майы бағасының өсуі импорттаушы Қазақстанда да жағдайды ушықтырды.
- Доллардың өсуі. Күнбағыс майын сыртқы елден доллар күйінде сатып алатындықтан, доллардың бағамы қоғамға кері әсер етеді.
- Ішкі нарықты күнбағыспен қамти алмау. Елімізде күнбағыс өсіретін фермерлер өз өнімдерін отандық зауыттарға қарағанда шетелге (Ресей, Өзбекстан, Қытай т.б) қымбатқа сатқан тиімді. Салдарынан зауыттарымыз күнбағысқа тапшы болып, шетелден қымбат бағаға алады немесе жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр.
Қанат Байұзақов