Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Күнбағыс майы неге қымбаттады?

Күнбағыс майы неге қымбаттады?

Күнбағыс майы неге қымбаттады?
ашық дереккөзі
 width= Әлеуметтік маңызы бар тауар саналатын күнбағыс майының бағасы күн өткен сайын шарықтап барады.
  1. Әлемде күнбағыс майының тапшылығы. Күнбағыс майының шарықтау себебінің басты себебі: әлемдік көшбасшы саналатын Украина (былтырғы жылдан қарағанда 10% төмен) мен Ресейде (былтырғы жылдан қарағанда 10% төмен) егіннің толыққанды шықпауы. Мамандардың айтуынша, биыл күнбағыс өнімі әлемдік экспортта 2,52 млн тоннаға азаяды.
Әлемдік нарықтағы 1 тонна күнбағыс майының бағасы: Маусым – 732$ Қазан – 1020$
  1. Ішкі нарықты толыққанды қамтамасыз ете алмау. Қазақстан күнбағыс майымен ішкі нарықты 50%-ға ғана қанағаттандырады. Қалған сұранысты Ресейді қамтамасыз етеді. Осы орайда Ресейде күнбағыс майы бағасының өсуі импорттаушы Қазақстанда да жағдайды ушықтырды.
  1. Доллардың өсуі. Күнбағыс майын сыртқы елден доллар күйінде сатып алатындықтан, доллардың бағамы қоғамға кері әсер етеді.
Маусым – 1 доллар – 399 теңге Қараша – 1 доллар – 434 теңге Еліміздегі күнбағыс майының бағасы: Маусым – 437 теңге Шілде – 437 теңге Тамыз – 447 теңге Қыркүйек – 453 теңге Қазан – 476 теңге Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
  1. Ішкі нарықты күнбағыспен қамти алмау. Елімізде күнбағыс өсіретін фермерлер өз өнімдерін отандық зауыттарға қарағанда шетелге (Ресей, Өзбекстан, Қытай т.б) қымбатқа сатқан тиімді. Салдарынан зауыттарымыз күнбағысқа тапшы болып, шетелден қымбат бағаға алады немесе жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр.

Қанат Байұзақов

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату