Зейнетақы жинағын пайдалануға болады - депутаттар заңды мақұлдады
Зейнетақы жинағын пайдалануға болады - депутаттар заңды мақұлдады

"Әлеуметтік саясат бойынша азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген", - деді Дәленов мәжілістің жалпы отырсында.Оның сөзіне қарағанда, заң жобасын қабылдаудың арқасында пандемияға байланысты шектеу шараларынан зардап шеккен салаларды дамытуға, сондай-ақ, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған дейін заң жобасы арнайы жұмыс тобында жан-жақты қаралған болатын. Оған қатысты 200-ден астам түзету түскен. Бұның барлығы жұмыс тобының отырыстарында қаралды. Депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді, құжат тағы екінші оқылымда қаралады. Осыдан кейін сенатқа жіберіледі.