Түркістан облыстық мәдениет басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды
NewsRoom
Түркістан облыстық мәдениет басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды
Басқарма басшысының бұйрығымен Қонысбеков Әділ Нұржанұлы Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Айдар Сейдазым өз facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Әділ Нұржанұлы 1989 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. 2010 жылы Қазақ-Британ Техникалық Университетін мұнай-газ ісі, 2012 жылы «Фемида» Заң академиясын құқықтану, 2015 жылы Қаржы академиясын қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген.
2010-2012 жылдары «ҚР Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМҚК-да Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы, 2012 жылы «ҚР Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМҚК-да Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК-да Мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету бөлімінің заңгер-кеңесшісі, 2013-2015 жылдары «ҚР Ұлттық музейі» РММ-де Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, 2015-2017 жылдары «ҚР Ұлттық музейі» РМҚК-да Қаржылық-экономикалық қызмет басшысы, 2017 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры» ҚҚ-ның директоры, 2017-2018 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-де Әкімшілік-шаршуашылық қызмет басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.
2018 жылы ҚР Қаржы министрлігінің «Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» РММ-де Мемлекеттік сатып алу аудиті басқармасында эксперт, 2018-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» РММ-де Қызметтерді қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған.