Түркістан облыстық мәдениет басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

Түркістан облыстық мәдениет басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Басқарма басшысының бұйрығымен Қонысбеков Әділ Нұржанұлы Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы  Айдар Сейдазым өз facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әділ Нұржанұлы 1989 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 2010 жылы Қазақ-Британ Техникалық Университетін мұнай-газ ісі, 2012 жылы «Фемида» Заң академиясын құқықтану, 2015 жылы Қаржы академиясын қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген. 2010-2012 жылдары «ҚР Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМҚК-да Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы, 2012 жылы «ҚР Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМҚК-да Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК-да Мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету бөлімінің заңгер-кеңесшісі, 2013-2015 жылдары «ҚР Ұлттық музейі» РММ-де Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, 2015-2017 жылдары «ҚР Ұлттық музейі» РМҚК-да Қаржылық-экономикалық қызмет басшысы, 2017 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры» ҚҚ-ның директоры, 2017-2018 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-де Әкімшілік-шаршуашылық қызмет басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2018 жылы ҚР Қаржы министрлігінің «Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» РММ-де Мемлекеттік сатып алу аудиті басқармасында эксперт, 2018-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» РММ-де Қызметтерді қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған.

Жүктелуде...