Жеңіс Ысқақова: "Ол қыз болғысы келді"

10 Сәуір, 2019 1047 0

NewsROOM+. "Жеңіс Ысқақова ел алдында алғаш рет отбасында орын алған жағдай туралы баяндады. Әнші 2017 жылы шаңырақ көтерген ұлы мен келінінің ажырасқанын "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.

Әншінің айтуынша, оның келіні Карина енесі Астанадан келгенше төркініне кетіп қалған.

"Мен келін алдым деп, тізгінімді бердім. Шақырылған жұмыспен Астанаға кеттім. Бірақ тізгінді де, шаңырақты да алып жүре алмады. Ол қыз болғысы келді. Сосын қыз болсаң, үйіне барып... Мен Астанадан келгенше, қайтадан үйіне барып қыз болды. Әңгіменің шыны сол!

Келіп алып, қыз болғысы келетін келіндер бар. Ол түсіну керек, сен келдің бе, сен келінсің! Менің айтатыным "Сен күйеуіңнің, балаңның, жалпы шаңырақтың құлысың". Сен күйеуіңнің жағдайын жасауың керек. Тамағының тоқтығы былай тұрсын, оның көңіл-күйі, балаңның, жалпы шаңырақтың көңіл-күйі әйелдің қолында", - деді әнші.

Сондай-ақ Жеңіс Ысқақоваға ұлы мен келіні не үшін ажырасып жатқанының себебін айтпаған.

"Енді мүмкін түсініспеушілік пе, біздің балаларымыз асықты ма? Махаббаты алдамшы болды ма, білмеймін. Менің бір түсінбейтінім: сүйген адам отқа да түседі, суға да түседі. Сол сүйгеніңнің қасында болу үшін, тіпті айдаһардай ене отырса да, соған көну керек", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші 2017 жылдың көктемінде келініне өз қолымен сырға салған болатын.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 

Тегтер: ЖеңісЫсқақова, отбасы, әнші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.