Дұрыс тамақтану деген не?

Дұрыс тамақтану деген не?

ашық дереккөзі

 width= Саламатты, яғни, дұрыс тамақтанған кезде адам баласы көптеген зиянды тамақтардан бас тартып жатады. Алайда осындай әрекетті жасағаннан кейін ғана сол тағамдарсыз өмір сүре алатынын түсінеді. Адамдардың көбі диета мен дұрыс тамақтануды шатастырып алады. Олардың айырмашылығы қандай?

Диета дегеніміз – тамақтану рационынан адамның ағзасына қажетті тағамдарды бірден немесе біртіндеп алып тастау емес. Әйтеуір бір күні диетаның кері әсері болады. Диета уақыты бітіп, адам бұрынғы тамақтану режиміне көшкенде, баяғы салмаққа қайтып оралу ықтималдығы болады. Ал дұрыс тамақтану дегеніміз - диета емес, салауатты өмір салты.
Диета – ерік-жігерді талап ететін қиын нәрсе. Белгілі бір уақытқа болса да, диета ұстағанда көптеген тағамдардан бас тартуға тура келеді. Ал дұрыс тамақтану жүйесіндегі қағидалар бойынша сіз тек газды тәтті сусын және фастфуд жемейсіз. Салмақ тастау мақсатында дұрыс тамақтану жүйесін сақтау үшін бірнеше ереже мен міндеттерді ғана орындауыңыз керек. Кез келген әдіс 40 күн ішінде жасалады. Дәл осы ережелерді сақтағанның нәтижесінде сіз бір жарым айда дұрыс тамақтануды қолға алып, артық салмақтардан арыла аласыз. Сонымен қатар ағзаңыз да қалыпқа келеді. Ол үшін не істеу керек? 1. Бір стакан ыстық суды таңертең ашқарынға ішу керек. Себебі ыстық су асқазанды ас қалдықтарынан тазартып, ағзадағы барлық жүйелерді бірқалыпқа келтіреді. Судың өзін ғана емес, оған лимон шырыны немесе бір қасық балды қосып ішсеңіз де болады. Бұлай жасау арқылы ағзаңыздағы зат алмасуды жақсартасыз. Ал таңғы асты су ішкеннен кейін 15-30 минут өткен соң ішу керек. 2. Күні бойы су ішуді әдетке айналдырыңыз. Бір күнді 2 литр таза су ішкен дұрыс. Сонда сізде ісіну азайып, алқыну жоғалып, сонымен қатар тамаққа тәбет ашылады. 3. Күніне 4-5 рет шағын мөлшерде тамақтануды қолға алыңыз. 4. Ұйықтайтын кезде тамақты көп жемеңіз. Кешкі 18:00-ден кейін тамақ ішпеу керек деген қағиданы ұстанып, қарныңыз ашып қалып жүрмесін. Негізінде күндегі ең соңғы ас ішу жатардан үш сағат бұрын болуы керек. Егер сіз түн ортасында ұйықтайтын болсаңыз, кешкі асты 21-00-де ішіңіз.

Ақмарал БЕРЕКЕТОВА

Жүктелуде...