Польшадағы атыс: 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды
NewsRoom
Польшадағы атыс: 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды
Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметіне қарағанда, бұл оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.
«Оқ жарақатының салдарынан 2004 жылғы Қазақстан азаматы көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланысып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ал жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жасөспірім сол күні достарымен алма бағына барған. Сол жерде оған оқ тиген екен. Сонымен қатар ол Клучковице-Оседльдегі мектеп-интернатының оқушысы болған.
Күдікті әзірге ұсталған жоқ.