Әзілкеш Ләйлә жүргізетін хабардың былық-шылығын әшкерелеп берді

10 Сәуір, 2019 753 0

NewsROOM+. Ел алдына шығып, пәктігін 2 миллион теңгеге сататынын жария еткен Айнұр енді басқаша сөйлеп шықты. Ол "хайп" үшін жалған ақпарат бергенін, эфирде жай ғана рөл ойнағанын жайып салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтуына қарағанда, бағдарлама редакторлары оны Instagram арқылы тауып шақырған. Алғашқыда қыздық перде жайлы пікірін білдіру үшін дегенімен, кейіннен басқаша ұсыныс тастаған. Алматыда оқитын қызды Астанаға алдыртып, танымалдылық үшін жалған хабар беруін сұраған. 

"Келістім. Бірақ мынадай рөл аламын деп ойлаған жоқпын. Келесі күні хабарласып: "Сіз қыздығымды сатамын деп шығасыз", - деді. - Ондай да бар ма? - деп күлдім. - Иә, халықты шулату керек қой. Осылай айтсаңыз, ел дүрлігеді, - деді", - дейді Айнұр. 

Бұдан кейін Айнұр әлеуметтік желідегі парақшасында хабарландыру қалдырған. Барынша шынайы етіп көрсету үшін жекесіне келген хаттардың да көшірмесін редакторларға жіберген. 

"Бағдарламаға барған кезде "осылай айтасың" деп үйретті. Соңына дейін "сатамын" деп отырасың, "сатпаймын деп шықпа" деді.

Маған негізі мұның бәрін айтпасын, ешкім білмесін деген. Енді маған бірдеңе бола ма деп қорқып тұрмын. Олар заң жүзінде қудалаймыз деген. "Өз ойым" бағдарламасының өтірік екенін айтпауың керек, деді. Бірақ менің сабағыма, өміріме кесірі тиіп отыр", - дейді Айнұр Жәнібекова. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алатын Айнұр осы бағдарламадан кейін оқудан шығып қалған. Енді бойжеткен жасаған ісіне өкініп отыр. 

Ал Айнұрдың шындығын әшкере еткен әзілкеш Нұрболхан оны кешіруді сұрап отыр. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 


Тегтер: хайп, бағдарлама, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.