Футболдан ел чемпионы атанған «Қайрат» клубының айтулы жетістікке жетуіне Қайрат Боранбаевтың еңбегі зор. 2012 жылы ортаңқол ұжым (10-орын) саналған «Қайрат» клубында Қайрат Боранбаев «қадағалау кеңесінің төрағасы» атанды.
Трансферге жұмсалған ақша: 2013 жыл – 300 мың еуро
2014 жыл – 550 мың еуро
2015 жыл – 0
2016 жыл – 1,96 млн еуро
2017 жыл – 0
2018 жыл – 1,98 млн еуро
2019 жыл – 1,73 млн еуро
2020 жыл – 0
Ел чемпионатындағы жүлделі орындар: 1 алтын, 5 күміс, 2 қола.
Ең үздік сұрмерген: 4 (3 мәрте Жерар Гоу, Адеринсола Эсеола)
Ең үздік жыл ойыншысы: 5 (3 мәрте Бауыржан Исламхан, 2 мәрте Жерар Гоу)
Шақырылған мықты легионерлер: Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук, Жерар Гоу, Исаэль Барбоза, Вагнер Лав, Яцек Гуральский, Гүлжігіт Әліқұлов, Адеринсола Эсеола.
Бапкер саны – 7 (Владимир Вайсс, Александр Бородюк, Кахабер Цхададзе, Сергей Лабодовский, Карлос Алос, Андрей Карпович, Алексей Шпилевский)
Ең жас бапкер – 30 жастағы Алексей Шпилевский
Ойын саны – 244
Гол саны – 462
Жанкүйерлер саны: 2019 жыл – 167 800 (Әр ойынға орташа есеппен 5085) – 2 орын
2018 жыл – 188 400 (Әр ойынға орташа есеппен 5888) – 2 орын
Қанат Байұзақов