Үй жануарларын іздейтін сервис пайда болды

10 Сәуір, 2019 501 0

NewsROOM+. «Яндекс» пен Purina компаниялары бірігіп үй жануарларын іздеуге арналған сервисті іске қосты, деп хабарлайды Яндекс технологиялық компаниясының баспасөз қызметі.

Үй жануарларын жоғалтып немесе тауып алған адам yandex.ru/petfinder сілтемесіне кіріп хабарландыру бере алады.

Ол жерде жануардың белгілерін көрсетуге және фотоларын салуға болады. Сондай-ақ, хабарландыру беруші телефон нөмерін, электрондық поштасын және жануарды қай жерден тауып алғандығын көрсете алады.

Берілген хабарлама алдымен тексерістен өтеді. Кейін «Яндекс» сайтына жарияланады және хабарламада көрсетілген аудан тұрғындарына жарнама ретінде көрсетіліп отырады.

«Аталған сервис Екатеринбург қаласында тестілі режимде іске қосылды. Жақын арада Мәскеуде, Новосибирскіде, Самара, Твер және Ресейдің өзге де қалаларында пайда болады», - делінген хабарламада.

Тегтер: яндекс, іздеу, үйжануары

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Қанағатсыздық

21 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.