Психологиялық тест: Сіз туралы өзіңіз білмейтін нәрсені көбелектер айтады

Психологиялық тест: Сіз туралы өзіңіз білмейтін нәрсені көбелектер айтады

ашық дереккөзі

 width= 1–сурет Мінезіндегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос бола алады. Екінші тараптың пікірін тыңдап, құрметтейді. Бұл құлдық психология емес. Алайда кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді етуді қалайды. Өзге біреудің тапсырмасын тиянақты әрі құлышынысымен орындайды. Осы мінезінің арқасында көпшілікке ұнайды. 2–сурет Достары көп. Олар «ортаның тұздығы». Сол себепті олардың айналасында адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді. Өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады. Бірақ ең негізгісін таңдай алмайды. 3–сурет Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа әрі тез жолын таңдамайды. Жаны тәртіпті қалайды. Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікпен дос емес. Іскер, тапсырманы ақылға салып орындайды, сол себепті сирек қателеседі. Өте адал, сенімді. Айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділетсіздікке мүлдем төзбейді. 4–сурет Мінезіне құбылмалы. Саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге деген көзқарасын жиі өзгертіп, іздену үстінде жүреді. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көруді қалайды. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.

Жүктелуде...