Өзбекстанда жаяу жүргендерге ақша төленетін болды

Өзбекстанда жаяу жүргендерге ақша төленетін болды

ашық дереккөзі

 width= Өзбекстанда күніне 10 мың қадам жүргендерге 3 мың сум төленбек. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиеевтың "Салауатты өмір салтын сақтау және спортты дамыту шаралары туралы» бұйрығында жазылған. Бұйрыққа жұма күні қол қойылған еді. Жаңа салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту жоспарына сай, 18 жастан асқан азаматтар күніне 10 мың қадам жүрсе, электронды әмиянына 3000 сум деңгейіндегі қаржы түсіп отырмақ. Ай сайын арнайы платформаға тіркелген азаматтардың ең үздіктері марапатталып отырмақ. Яғни қалалық ауданда үздік болғандарға 300 мың сум, аймақ бойынша үздік болғандарға 500 мың сум, ал республика бойынша үздік болғандарға 1 миллион сум табысталады. «Салауатты өмір салты» платформасы 2021 жылдың 1-мамырына дейін жасалып, іске қосылмақ. Жаяу жүргіншілерге қаржы мемлекеттік қазынадан бөлінеді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...