Президент Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді
Президент Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді

«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», - дейді президент.Еске салайық, мұның алдында терроршылардың Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан екі адам - ер адам және әйел қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.