weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президент Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді

Президент Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді

Президент Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», - дейді президент.
Еске салайық, мұның алдында терроршылардың Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан екі адам - ер адам және әйел қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.