
Футболдан ел чемпионатында өнер көрсететін алматылық «Қайрат» клубы 16 жылдан кейін қайта жеңімпаз атанды.
«Қайрат» клубы елордалық «Астананың» 6 жылдық гегемониясын тоқтатты.
«Қайрат» клубы өз тарихында 3-ші мәрте (1992, 2004, 2020) ел чемпионатында топ жарды.
«Қайрат» клубы чемпион атану үшін ел чемпионатында 454 ойын (2005 жылдан бері) өткізді.
«Қайрат» клубы бұған дейін 5 жыл қатарынан күміс жүлдегер (ел чемпионатындағы рекорд) атанған.
«Қайрат» клубы чемпионаттағы ең жас команда. Орташа жасы – 24,9.
«Қайрат» клубы ағымдағы маусымда 10 легионердің көмегіне жүгінді.
«Қайрат» клубының бапкері Алексей Шпилевский Қазақстан чемпионы атанған ең жас жаттықтырушы (32 жас).
Қанат Байұзақов