weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Батыс Қазақстанда ұлына той жасап берген әкім қызметінен кететін болды

Батыс Қазақстанда ұлына той жасап берген әкім қызметінен кететін болды

Батыс Қазақстанда ұлына той жасап берген әкім қызметінен кететін болды
ашық дереккөзі
 width= Батыс Қазақстан облысында ұлына үйлену тойын жасап берген ауыл әкімі қызметінен босатылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. Олардың мәліметіне қарағанда, 3 қарашада COVID-19 таратпау жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі Татжан Өтемісовтің ұлының үйлену тойын өткізу дерегі расталғанын сұрады. БҚО әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев 9 қазан мен 9 қараша аралығында ауыл әкімі кезекті демалыста екенін хабарлады.
"Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Татжан Өтемісов 9 қарашаға дейін демалыста. 10 қарашадан бастап ол қызметінен босатылады. Сонымен қатар Татжан Өтемісовке қатысты карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Батаев.