Қазақстандық мұғалім мектепте оқушылармен «Хэллоуин» мерекесін тойлаған

Қазақстандық мұғалім мектепте оқушылармен «Хэллоуин» мерекесін тойлаған

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандағы кейбір мектептер "Хэллоуин" мерекесін атап өтті. Карантин деп арақашықтықты сақтап жүрген жұрт әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттерге наразылық білдірді. Журналист, блогер Бибігүл Дәулетбекқызы да "Хэллоуин" мерекесін атап өткендерге қарсы пікірін айтты. Ол білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовке үндеу жолдап, Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Мынау не масқара! Кім бұл мұғалімге мектепте Хэллоуин жасауға рұқсат берді?! Сіз бе?! Әлде мектеп директоры ма?! Еуропадан келген бұл жын-перілердің ойынын мектептегі балаларға насихаттауына қарсымын!", - деп жазды ол.
Сондай-ақ журналист осы мерекеге байланысты шетелдегі жағдайлар туралы да айтып өтті.
"Жыл сайын осы Хэллоуин мерекесінде АҚШ-та мыңдаған бала жоғалатынын білесіз бе? Кезінде Америка мен Еуропа да немқұрайлы қараған. Қазір осы жын-перілердің ойынына өздері де қарсы. Алайда тоқтата алмайды. Себебі халық бұл жын-перілердің күнін үлкен мерекеге айналдырған. Дәл осы күні бала ұрлаушылар қаптап жүреді екен. Бұл да біз білмейтін үлкен күштің саясаты болар. Неге мектепте мына Хэллоуинды насихаттап жүр?", - дейді блогер.
Бибігүл Дәулетбекқызы "Хэллоуин" өткізген мұғалімнің ісінің қаншалықты қауіпті екенін де тілге тиек етті. "Мына әйел (ұстаз деуге де болмайды) балалардың психикасын бұзып жатқанын біле ме өзі?! Сөзім жоқ. Бұл біздің тойлайтын мереке емес. Батысқа еліктейміз деп онсызда балаларымызды әлжуас етіп алмадық па? Әнші вайн, сайқымазақ болуды армандап, құлақтарына сырғасын тағып, шаштарын бояп жүр. Балаларға - батыр болуды, Отанын, елін сүйетін патриот болуды неге үйретпейді мына мүғалім іші пысып бара жатса?!", - дейді ол.
"Асхат мырза, бала - біздің болашағымыз! Баланың болашағы - сіздің де қолыңызда тұр. Егер де мұғалімдеріңіз қазірден бастап батыстың бүлігін насихаттап, ал сіз үндемесеніз, ендеше сізге деген құрметім жоғалды Барлығын қойып, енді жетпегені осы еді! Баланы - жастан дейді. Ендеше, ұстаздардың ақшасын көтере бергенше, бір сөт мұғалімдердің төртібіне де назар аударғайсыз! Сізді осыншама шырылдап жақтаған журналистердің бірі болатынмын. Мына жайтқа бей-жай қарамайды деген сенімдемін!!!", - деп үндеу жасады журналист.

Жүктелуде...