weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есе артқан

Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есе артқан

Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есе артқан
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге өскен, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы 2 қарашада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды.
"Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирус жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4 пайыз, репродуктивтілік көрсеткіші - 1,4. Инфекциялық төсек орындары 22 пайызға, реанимациялық орындар 18 пайызға жүктелген", - делінген хабарламада.