weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырымбек Көшербаевтың әкесіне мектеп аты берілді

Қырымбек Көшербаевтың әкесіне мектеп аты берілді

Қырымбек Көшербаевтың әкесіне мектеп аты берілді
ашық дереккөзі
 width= Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданындағы №279 орта мектепке мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың әкесі Елеу Көшербаевқа берілді. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды. Премьер-министр Асқар Мамин Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы қаулыға қол қойды. Сол құжат негізінде Қызылорда облысының экс-әкімі Қырымбек Көшербаевтың әкесінің аты бір мектепке берілді. Елеу Көшербаев коммунистік партияға қызмет еткен советтік шенеунік. Қызылорда педагогикалық институтын аяқтаған. Білімін жоғары партия мектебінде жетілдірген.Қазалы, Сырдария аудандық партия комитетінің 2-хатшысы, Тереңөзек, Сырдария ауданының атқару комитеттерінің төрағасы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, бірнеше медальдармен марапатталған.