Өз балаларын пышақтаған ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Өз балаларын пышақтаған ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды

"Сотталушы әйел ас үй пышағымен өзі мен оның 2016 және 2018 жылы туған балаларының білегін кесіп, денсаулыққа ауыр зиян келтірді. Ол осы әрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігінің 1, 2, 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, кінәлі әйел бастапқыда кісі өлтіруге оқталды деген айыппен сотқа тартылған. Алайда, сот барысында зардап шеккен балалардың өкілдері прокурормен келіскен соң, бұл айыптау денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп өзгертілген. Сотталушының кінәсі оның мойындауымен және куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылар қорытындысымен дәлелденді.