Өз балаларын пышақтаған ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Өз балаларын пышақтаған ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзі

 width= Өз балаларының білегін пышақпен кескен қатігер ана 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай сұмдық оқиға әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының жатақханасында болған.

"Сотталушы әйел ас үй пышағымен өзі мен оның 2016 және 2018 жылы туған балаларының білегін кесіп, денсаулыққа ауыр зиян келтірді. Ол осы әрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігінің 1, 2, 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.
Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, кінәлі әйел бастапқыда кісі өлтіруге оқталды деген айыппен сотқа тартылған. Алайда, сот барысында зардап шеккен балалардың өкілдері прокурормен келіскен соң, бұл айыптау денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп өзгертілген. Сотталушының кінәсі оның мойындауымен және куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылар қорытындысымен дәлелденді.    

Жүктелуде...