Бағдарлама жабылсын: «Өз ойым» продюсері елдің айыптауына жауап берді

10 Сәуір, 2019 690 0

NewsROOM+. Арын сатып, ақша тапқысы келген қыздың оқиғасынан кейін, қоғам белсенділері 7-арнадан шығатын "Өз ойым" бағдарламасын жабуды талап етті. Бағдарлама продюсері Жангелді Таңатбекұлы елдің айыптауына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

"Біз қоғамда бар нәрсені талқылаймыз, ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген кейіпкер - актриса, ал біз - театр емеспіз. Оған келе ғой деп ақша да төлемедік. Керісінше студияға келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, "сол ақшаңды мен-ақ берейін" деп жанашырлық танытты. 

Иә, біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмадық. Дегенмен өзін райынан қайтардық", - дейді продюсер.

Бұдан өзге, бағдарлама ұйымдастырушылары тақырыпты көрерменнің өзі таңдайтынын мәлімдеді. Айтуларына қарағанда, қазіргі көрермен салмақты, айтары бар тақырыпты қозғаған бағдарламаны көрмейді екен.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 

Тегтер: өзойым, бағдарлама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.