Жұлдыз Өмірғали: Мен екінші әйел емеспін

10 Сәуір, 2019 1207 0

NewsROOM+. Айқынның жас келіншегі көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Ол Айқынмен таныстығы, оның бірінші әйелімен қарым-қатынасы, балаларына деген көзқарасы жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz.

Instagram оқырмандарына берген жауабында Жұлдыз Айқынның бірінші әйелімен араласпайтынын атап өтті. Сондай-ақ, өмірдің бумеранг екеніне, біреуге жасаған ісінің алдынан шығатынына сенбейтінін айтты.

"Екінші әйел болуға шыдамыңыз қалай жетеді?" деген оқырман сауалына Өмірғали: "Ал мен екінші әйел емеспін", - деп жауап берген. 

Сондай-ақ, Жұлдыз Айқынмен таныстығы жайлы: "Ол маған хат жазды, әйтпесе тек сырттай танитынмын", - деді. 

Ал "Айқынның әйелі бар екенін қалай білмей қалдыңыз?" деген сұраққа ол: "Әлі күнге дейін білмейтіндер бар", - деп жауап қатты.

Бұдан өзге, Жұлдыз Айқынның бірінші некеден туған балаларына бірқалыпты көзқараспен қарайтынын атап өтті.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз. 

Тегтер: ЖұлдызӨмірғали, әнші, Айқын, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.