Шымкенттегі жағдай: әкімнің қалаға билігі жүрмей ме?
Шымкенттегі жағдай: әкімнің қалаға билігі жүрмей ме?
Біздің әкімдердің қалаға билігі жүрмейтінін, Ұлы Британия ханшайымдары секілді салтанатты кештерде лентаны қиып, қонақтарды күтіп алуға арналған персона екенін шымкенттіктер жақсы біледі, деп facebook-те жазба қалдырды Сәбит Байтенов есімді қолданушы. Оның жазбасы қызу талқыланып жатыр.
Бүгін бір ауыр күн болды. Негізі жұмысымнан қалмадым, жолымды қара мысық кесіп өтпеді, ешкіммен дауласпадым...
...Шымкент қаласында қоғамдық көліктерде жолақыны төлеуге арналған "Төлем" картасын алып, Шымкенттің болашаққа жасаған қадамы деп қуанып тұрдым. Автобусқа кіре сала картамды терминалға бастым. Шу мен айналадағы абыр-сабырдан төлем қабылданды деген дауысты ести алмадым. Өзін Берікпін деп таныстырған кондуктор "Басып әуре болма, төлем қабылданбайды. Бірінші қаңтарға дейін өшіріп тастаған" деді. Кім айтты дегенде Дүйсенов деген бастығының сөзі екенін айтты.
Айтпақшы, менің бұл постыма жауапты мекемеден ешкім жазбайды. Себебі елемеуді үйреніп алды. Негізі үндемей қоя салсам, мұртым да қисаймайды. 70 теңгені кондукторға бердім не, мемлекетке бердім не одан оның құны өспейді. Уайымға салынғаным өзім туып өскен қалаға жаным ашығаннан болар. Басқа мегаполистер дамып жатқанда, осындай кері тартпа әрекеттерімен қалып жатқан Шымкентті уайымдағаннан болар.