Аудандық полиция басқармасының бастығы есеп берді

Аудандық полиция басқармасының бастығы есеп берді

ашық дереккөзі

 width= Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық полиция басқармасының бастығы Зиятаев Бауыржан Батырбекұлы есеп берді. Аудан әкімі Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен жиынға аудандық прокуратура қызметкері, аудан әкімінің кеңесшісі, аудан әкімі аппаратының заң және ұйымдастыру бөлімінің басшылары қатысты. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, зиялы қауым өкілдері онлайн режимде қатысты. Сайрам ауданында жалпы 15 учаскелік полиция тірек пункті бар, аталған учаскелік полиция тірек пунктінде 60 учаскелік полиция инспекторы, 5 учаскелік полиция инспекторының көмекшілері қызмет атқарады. Аудан аумағында жедел жағдайды жақсарту, қалыптастыру, қылмыстарды ашу және қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткіге байланысты қылмыстармен күресу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы тиісті шаралардың іске асырылғанына байланысты бірқатар қылмыс деңгейі төмендеген. Яғни, 2020 жылы 510 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға төмендеген. Баяндамадан соң жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға аудандық полиция басқармасының бастығы толығымен жауап берді. Есеп беру кездесуіне аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы оң баға беріп, қорытындылады. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...