Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

ашық дереккөзі

 width= Сайрам ауданы әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, аудан әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы «Бірінші қажетті азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг жүргізу және талдау жасау жөніндегі штаб туралы» №46 өкімімен жұмысшы топ құрамы және жұмыс жоспары бекітілген. Әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу мақсатында, аудан көлемінде 11 ауылдық округінде орналасқан көтерме және бөлшек сауда орындарының басшыларымен 215 меморандумға қол қойылған. Аталған жұмыс топ әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Аудан көлемінде орналасқан сауда орындары әлеуметтік маңызы бар тауарларды Шымкент қаласындағы фирмалар мен базарлардан көтерме бағада алынады. Қазіргі таңда әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған 22 тонна құмшекер (одан басқа, ұн рожки) халыққа бөлшектеп сатылуда. Оған қосымша тұрақтандыру қорына құмшекер бағасының көтерілуіне байланысты 50,0 тоннаға сұраныс жолданды. Ағымдағы жылдың қазан айында баға сатылымы Ақсу, Қарабұлақ ауылдарындағы орталық «Иман», «Ынтық ата», базарларында (ірі, орта сортына қарай) Павлодар картоп 70-105 теңге, жергілікті сәбіз 60-70 теңге, Павлодар 90-100 теңге, пияз Тараз 40-50-60 теңге, жергілікті қырыққабат(капуста) 70-80-90 теңгеде сатылуда. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...