Алматыда жылу магистралі жарылып, төрт адам ауруханаға түсті

10 Сәуір, 2019 991 0

NewsROOM+. Алматыда ескі жылу магистралі жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz .

10 сәуірде таңғы 04.00 шамасында Пушкин көшесінен Төле Би көшесіне дейінгі аумақта ескі құбыр желісі жарылған.Ол 1993 жылы қолданысқа берілген.

Жарылыс салдарынан төрт тұрғын ауруханаға жеткізілді.

"Көпқабатты тұрғын үйдің жеті пәтері мен оның маңындағы тұрақта тұрған сегіз автокөлік бүлінді. Шығын көлемі анықталған соң кәсіпорын заң бойынша зардап шеккендер мен бүлінген мүліктің қожайындарына өтемақы береді", - деді "Алматы жылу желісі" өкілдері.


Қазір коммуналдық қызмет жылу магистралінің жарылған орнын жөндеп жатыр. Олар 16.00-ге дейін жөндеу жұмысын аяқтамақ.


2



newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: жарылыс, алматы, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.