Желіде: Нұр-Сұлтандағы ботаникалық саябақ айналасындағы пікірталас
Желіде: Нұр-Сұлтандағы ботаникалық саябақ айналасындағы пікірталас

«Біріншіден, Ботсадтың жасыл желегі жоқ бір бұрышына ғана спорт орталығы салынады. Екіншіден, бұл жоба 2018 жылы қала құрылысы кеңесінде қолдау тапқан. Сондықтан, қазіргі әкімді кінәлау да негізсіз. Керісінше, осы әкімнің кезінде емес пе, бүкіл парктер әкімдік иелігіне алынып, шашылып жатқан жабайы парктердің ретке келгені... Үшіншіден, жоба қаланың бас жоспарына толықтай сәйкес келеді», дейді.

«Жарқын мырза! Астананың бас ботаникалық бағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне жатады. Статус квоға келетін болсақ, ботаникалық саябақ жартылай экология министрлігіне, жартылай қалалық әкімдікке қарайды. Парк ішіндегі барлық жолдармен, сыртқы жағындағы аумақтарда әкімдік ойына келгенін жасамау керек. Себебі, бұл ерекше қорғалатын аймақ. Ботаникалық баққа қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін әрі селекция жасайтын ағаштың түрлері егілуі тиіс. Не сыртында, не ішінде қорғауы жоқ бұл баққа мұндай құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатаң тыйым салынады. Әкімдік қалалық құрылыс мақсатында қолданғысы келсе, ботаникалық бақты түгелдей өзінің балансына алып, ерекше статусын айырып, жай қалалық парк түріне ауыстыру қажет. Күлгінов мырза мұндай іске бармауы тиіс еді! Қалада дені дұрыс жер, жолы сау жерлер қалмады ғой. Дені дұрыс урбанистиканың стилі жоқ. Жер сатылып, ойға келмейтін нышандар салынуда. Қала - халық үшін соғылуы керек. Не жаяу, не көлікте жүре алмайсың. Әкімге осы сәлемдемемізді жеткіңіз. Елорда ақпарат қала тынысының мәселелерін неге көтермейді?», дейді пікір білдіруші.

