Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салына ма?
Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салына ма?

«Бұл - жалған ақпарат. Мен осы жазбаны жариялаған дәрігермен жеке сөйлесіп, мәселені анықтап алдым. Енді тиісті шараны Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қабылдайды. Бізде мұндай заң болған емес және болмайды деп кесіп айта аламын. Біз әрбір дәрігердің еңбегін жоғары бағалаймыз. Себебі ақ халаттылар пандемия кезінде халықтың денсаулығы үшін майданның алдыңғы шебінде жүр», - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
