Білім министрлігі мәлімдеме жасады: «Әліппе» мектепте қашаннан бастап оқытылмақ?

Білім министрлігі мәлімдеме жасады: «Әліппе» мектепте қашаннан бастап оқытылмақ?

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова "Әліппе" оқулығының бекітілгенін айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифнигте мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "Бүгінде "Әліппе" оқу бағдарламасын жасау жұмысы аяқталып бекітілді. Жұмыс тобы ауқымды жобаны ойдағыдай жүзеге асырып шықты. 20-дан артық отырыс өтті. "Әліппе" оқулығының ғылыми негізіне және практикалық қолданысына байланысты бірнеше ұсыныс түскен. Соның барлығы зерделенді", – деді Каринова. Қазіргі уақытта оқулықты шығару жұмыстары басталды. 2021 жылдың қаңтар айында оны апробациядан өткізеді. Ол үшін пилоттық мектептердің тізімі бекітілді. "Осылайша, сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында мектептерге енгізілетін болады. Жалпы, "Әліппе" оқулығын 2021-2022 оқу жылында енгізу жоспарланған. Осы жоспарға сай жұмыс жүргізіліп жатыр", – дейді ол.

Жүктелуде...