Жаңа пәтерде тұрамын: Аша Матай жұбайымен ажырасып кеткен бе?
Жаңа пәтерде тұрамын: Аша Матай жұбайымен ажырасып кеткен бе?

"Бәлкім, жаңа жоба да болу мүмкін. Жаңа пәтерге көшіп кеттім. Оны қалай қол жеткізіп алғаным туралы айтпай-ақ қояйыншы. Әйел адам үшін ең бастысы үй берекесі мен тыныштығы. Мен үшін бұрыннан жанұя бірінші орында, бүгінде ол қағидам өзгерген жоқ. Қазіргі уақытта бар көңілім мен уақытымды отбасыма арнаудамын. Балапаным қатайсын. Бір жасқа таяп қалдық. Алла шүкір, бәрі жақсы. Жаңа айтып өткеніміздей жаңа жоба болып қалуы мүмкін. Көрерменіміз кішкене сабырлық танытса, бәрі түсінікті болады" , - деді Қалаулым бағдарламасының экс теле жүргізушісі.Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын да дәл осы жұп халықтың ашуына тиген еді. Хайп үшін өздерін ажырасқан ретінде көрсетіп, оқырмандарын ренжітіп алған еді.