
19 қарашада Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі "Қазтелерадио" АҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
"2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.