weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Көпшілігі Қытайдан: елімізге 10,9 мың қандас қоныс аударды

Көпшілігі Қытайдан: елімізге 10,9 мың қандас қоныс аударды

Көпшілігі Қытайдан: елімізге 10,9 мың қандас қоныс аударды
ашық дереккөзі
 width= 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 10,9 мың қандас қоныс аударған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшылығы хабарлады. Қоныс аударушылардың басым бөлігі, яғни 56,9% Қытайдан, 27,7% қандас Өзбекстаннан, 9,1% қандасымыз Түркіменстаннан, 3,4% Моңғолиядан және қалған 2,9% өзге елдерден келген. Қоныс аударушылардың 53% Алматы облысында, Маңғыстау облысында 13,2%, Нұр-Сұлтан қаласына 4,1%, ал Шымкентке 3,3% қоныстанған. Қалғандары өзге аймақтарға тұрақтаған. 1991 жылдан бастап елімізге 1,068 млн этникалық қазақ қоныс аударған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ