Париж тұрғындары қаладан қашып жатыр
Париж тұрғындары қаладан қашып жатыр
Парижде жаңа локдаун күшіне енуіне бірнеше сағат қалғанда қала тұрғындары Парижден кете бастаған. Қала жолдарында кептелістер пайда болып, дүкендер мен шаштараздарда да ұзын-сонар кезек болған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ИноТВ сайтына сілтеме жасап.
Мұның алдында Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты елде жалпыұлттық карантин енгізген болатын. Шектеулер 30 қазаннан 1 желтоқсанға дейін созылады.
Енді француздарға үйден тек:
- медициналық көмек алу үшін;
- қажетті тауарларды сатып алу үшін;
- үйден бір шақырым радиуста бір сағаттан аспайтын серуенге шығуға рұқсат етіледі.