Шымкентте экскаватор жаяу жүргіншіні басып кетті

Шымкентте экскаватор жаяу жүргіншіні басып кетті

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші дене жарақатынан ауруханада екі күн жатып көз жұмды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеп.

"2020 жылдың 26 қазанында сағат 09.30-да Шымкент-Ташкент тас жолында орналасқан "автобөлшектер" дүкеніне қарама-қарсы Hyundai Robex 55 w маркалы экскаватор машинисі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 57 жастағы ер адамды қағып кетті", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті сенбі күні.
Анықталғандай, түрлі дене жарақаттары бар жаяу жүргінші Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсіп, 28.10.2020 жылы дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болған. Экскаватор айып тұрағына қойылғаны атап өтілді. HYUNDAI Robex 55 W машинисінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүктелуде...