weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
31 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Измирдегі жер сілкінісінде қаза тапқандар саны артты

Измирдегі жер сілкінісінде қаза тапқандар саны артты

Измирдегі жер сілкінісінде қаза тапқандар саны артты
ашық дереккөзі
 width= Түркияның батысындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 25-ке жетті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қаза болғандардың саны 25-ке жетті", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 12 адам қаза тауып, 522 адам жарақат алғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлаған болатын. Ал Қазақстанның Түркиядағы елшілігі осы жердегі отандастарымызға көмек көрсетуге дайын екенін айтып, байланыс нөмірлерін қалдырған. Оқиғаға байланысты Назарбаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Еске сала кетейік, кеше Измирде 6,6 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан теңіз суы тасып, жағалауға жақын жерді шайып өтті. Кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді.