Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады
Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

«Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын», – делінген жеделхатта.Бұл суыт хабарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та күйзеліспен қабылдағанын айтты.
«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.