Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

ашық дереккөзі

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

«Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын», – делінген жеделхатта.
Бұл суыт хабарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та күйзеліспен қабылдағанын айтты.
«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Жүктелуде...