Елжан Біртанов 526 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Елжан Біртанов 526 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ақша жымқыру ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап. «Біртанов ұсталды, қазір ол елордадағы уақытша ұстау изоляторында», - делінген ақпарат көздерінде.Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы цифрландыруға бөлінген шамамен 526 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Еске сала кетейік, 25 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен босатып, Алексей Цойды министр етіп тағайындады.