
Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ақша жымқыру ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.
«Біртанов ұсталды, қазір ол елордадағы уақытша ұстау изоляторында», - делінген ақпарат көздерінде.
Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы цифрландыруға бөлінген шамамен 526 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Еске сала кетейік, 25 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен босатып, Алексей Цойды министр етіп тағайындады.