weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
31 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбе тұрғынының үйінен 167 дана киік мүйізі табылды

Ақтөбе тұрғынының үйінен 167 дана киік мүйізі табылды

Ақтөбе тұрғынының үйінен 167 дана киік мүйізі табылды
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды, – деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 28 қазан күні Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғын мен Қызылорда облысы Арал ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктілердің бірінің үйінің ауласында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тұрған “Планета-3” маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі салынған полипропилен қап, бұдан басқа үй қоймасынан 12 калибрлі “ИЖ-18мм” бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 патрон, ас үй бөлмесіндегі қол жуғыштың астынан салмағы 5 кг киік еті бар полиэтилен пакет табылды. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-тармағымен (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.